«Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 11-1-4/190 бұйрығы

«Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 11-1-4/190 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларында:

2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Өтініш беруші өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:

1) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі (сұратылатың визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың қолданыс мерзімімен);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.