«Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 595 бұйрығы

 «Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 595 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабы 2 және 5-тармақтарына, 113-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 368) және 374) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесінде:

1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексі (бұдан әрі - Салық кодексі) 111-бабының 2 және 5-тармақтарына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 368) және 374) тармақшасына сәйкес әзірленді және бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.