«Интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 366 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 26 тамыздағы № 378-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 366 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29473 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларында:
2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;».
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: