19. Қызметкерлерді, сондай-ақ келушілерде респираторлық аурулардың белгілері болған кезде (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) күні бойы байланыссыз термометриямен қамтамасыз ету.
Жұмыскерлерде ЖРВИ және тұмау симптомдары, сондай-ақ КВИ-ды жоққа шығармайтын симптомдар анықталған кезде оларды оқшаулауды қамтамасыз ету және жұмыстан шеттету қажет.
20. Күн сайын қызметкерлердің термометрия нәтижелерін есепке алу журналын жүргізеді.
21. Қызметкерлер арасында жеке / қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама өткізу.
22. Нұсқамаға жауапты адамды тағайындау, қорғау құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын жабдықтау және қадағалау, нұсқама журналын жүргізу, қорғау құралдарын ауыстыруды есепке алу және дезқұралдардың қорын толықтыру.
23. Қызметкерлер мен келушілердің қолдарын өңдеуге арналған тері антисептиктері бар санитайзерлер/диспенсерлер орнату.
24. Дайын тағамдарды тамақ ішуге ыңғайлы, тиісті құжаттары, сертификаттары бар бір рет қолданылатын ыдыста беру.
25. Әрбір келушіден кейін асхана үстелдерін, подностарын дезинфекциялық ерітіндімен сүрту арқылы өңдеуді жүргізу.
26. Міндетті түрде дезинфекциялай отырып, үй-жайларды күн сайын ылғалды жинауды мынадай жиілікпен жүргізу: тамақтану залдарының едендері, сауда сөрелері - күніне 2 рет таңертең және кешке; есік тұтқалары, касса аппараттары, банк терминалы - сағат сайын.
27. Жинау мүкәммалы жинау жүргізілгеннен кейін міндетті түрде дезинфекциялануы тиіс және арнайы бөлінген орындарда сақталуы тиіс.
28. Дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары қолданылады, оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілген.
29. Дезинфекциялау құралдарының, жеке қорғаныш құралдарының және басқалардың азаймайтын қорын қамтамасыз ету.
30. Персоналдың жұмысы маскалар болған кезде жүзеге асырылады.
31. Пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы таңбаланған контейнерлерге орталықтандырылған жинауды қамтамасыз ету.
32. Келушілердің шотты төлеу кезінде байланыссыз аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
33. Жеткізу шарттарына қойылатын санитариялық қағидалардың барынша барлық талаптарын сақтай отырып, халыққа онлайн-сатып алу, тапсырыс беру және азық-түлікті, дайын тағамды жеткізу қызметтерін көрсету, Бұл ретте сатып алушымен байланысты барынша азайту бойынша шаралар қабылдау қажет.
34. Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
8-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде автосалондардың,
автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету
(вулканизация, автожуу) станцияларының жұмыс алгоритмі
1. Автосалондардың, автомобильдің қосалқы бөлшектері дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету (вулканизация, автожуу) станцияларының қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) жұмыс кестесі алдын ала жазылу бойынша;
2) автосалондар, ТҚС үшін жеке кіретін есігі бар жеке тұрған ғимарат немесе адам тұрмайтын ғимаратта (вулканизация, автожуу).
2. Жұмыс процесі мынадай талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады:
1) COVID-19 кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану алгоритміне сәйкес Автосалондар, авто бөлшектер дүкендері және техникалық қызмет көрсету станциялары (Вулканизация, Автожуу) қызметкерлері арасында жеке / қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқама жүргізу, сондай-ақ олардың мүлтіксіз сақталуын қадағалау;
2) COVID-19 бойынша карантин кезінде медицина қызметкер немесе ұйымның жауапты адамының қарап тексеруі кезінде жай-күй мен термометрияны сұрастыра отырып, қағаз немесе электрондық тасымалдағышта тіркеп қамтамасыз ету;
3) болмау себебін анықтай отырып, жұмысқа шығу мониторингін күн сайын жүргізу;
4) маскаларды немесе респираторларды жұмыс күні ішінде, оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
5) қызмет көрсету орындарында антисептиктердің, әрбір объектіде дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың азаймайтын қорының болуы;
6) объектіде байланыссыз жұмысты енгізу үшін технологиялық процестерді автоматтандыруды барынша пайдалану;
7) клиенттермен және азаматтармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды басым пайдалану;
8) келушілер қозғалысын бағыттау үшін еденге тиісті белгілер, қоршаулар мен тосқауыл ленталар салу арқылы қызметкер мен клиент арасында қашықтықты сақтау, адамдар жиналуы мүмкін жерлерге жол бермеу;
9) тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр алшақтықтың болуы;
10) персонал көп жиналатын учаскелердің жұмысын болдырмау (мүмкіндігінше жұмыс процесінің технологиясын қайта қарау);
11) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ауысымда кемінде 2 рет вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беттерін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ қабылдау, демалыс бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау; 14) профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз;
12) желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің профилактикалық тексеру, жөндеу, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау жүргізе отырып, үздіксіз жұмыс істеуі, желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ету;
13) күту орындарында қашықтықты қамтамасыз ету.
3. Жіті респираторлық инфекциялар (қызба, жөтел, мұрынның ағуы) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар персонал тексерілу үшін жіберіледі.
4. Қызметкерлер мен клиенттер ғимараттардағы медициналық маскаларды автосалондардың, авто бөлшектер дүкендерінің және техникалық қызмет көрсету станцияларының (Вулканизация, Автожуу) үй-жайларында, сондай-ақ қоғамдық орындарда уақтылы ауыстыру (әр 2 сағат сайын) және қашықтықты сақтау шартымен алып жүруді жүзеге асырады.
5. Ғимаратқа кіреберісте дезинфекциялау құралымен суландыру әдісімен суланған дезинфекциялау кілемшесі орнатылады.
6. Ірі объектілерде табиғи желдету болмаған жағдайда қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе рециркуляторларды пайдалана отырып зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидалар қатаң сақталған кезде, адамдар болмаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдете отырып жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі.
Ауданы 50 шаршы метрден кем жабық үй-жайларда табиғи желдету болмаған жағдайда ауаны кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып зарарсыздандыру міндетті.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
9-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде қызмет көрсету саласы объектілерінің
(сұлулық салондары, шаштараз, химиялық тазалау, кір жуу орындары,
ұйымдастыру техникасын жөндеу) жұмыс алгоритмі
1. Объектінің әкімшілігі InfoKazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
2. Қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметіне санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, мынадай жағдайлар қамтамасыз етілген кезде жол беріледі:
1) объектіні ашу алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күрделі жинау жүргізу (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өңдеу);
2) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген жеке қорғаныш құралдарының (арнайы киім, медициналық маскалар), дезинфекциялық және жуғыш заттардың, қолды өңдеуге арналған антисептиктердің азаймайтын қорының (кемінде бір апта) болуы.
3) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыру. дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
4) желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің профилактикалық тексеру. жөндеу жүргізе отырып, үздіксіз жұмыс істеуі, оның ішінде сүзгілерді ауыстыру, ауа өткізгіштерді дезинфекциялау, желдету режимін қамтамасыз ету және сақтау;
5) персонал арасында жеке / өндірістік гигиена ережелерін сақтау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау;
6) ұйымға кірген кезде персонал мен келушілердің дене температурасын байланыссыз немесе байланыс тәсілмен (электрондық, инфрақызыл термометрлер, тасымалды тепловизорлар) бақылау, ЖРВИ және тұмау симптомдары бар персоналды жұмыстан шеттету мақсатында респираторлық аурулар симптомдарының бар-жоғын тексеру, ал COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдары (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) бар адамдар үшін оқшаулауды және жедел жәрдемді шұғыл шақыруды қамтамасыз ету;
7) объектіге кіру тек жоғары температура мен инфекциялық аурулардың белгілері болмаған кезде ғана рұқсат етіледі;
8) жұмыс орындарында және келушілер үшін қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, телефон және басқа да заттарды ендеуге арналған персонал мен клиенттер үшін сулықтар қорының болуы;
9) кіреберісте дезинфекциялау құралымен суланған дезинфекциялау кілемшелері орнатылады.
10) жұмыс күні ішінде, медициналық маскаларды (әрбір 2 сағат сайын ауыстыру шартымен) пайдалану);
11) жұмыс үй-жайларында табиғи желдету болмаған жағдайда қоса берілетін нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалану арқылы ауаны зарарсыздандыру ұсынылады. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған кезде, үй-жайларды міндетті түрде желдету арқылы адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдардың қатысуымен пайдалануға рұқсат етіледі;
12) жұмыс орындарының арасында кемінде 2 метр қашықтықты мүлтіксіз сақтау, оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілеуді қамтамасыз ету;
13) тек маска киген келушілерді кіргізу;
14) жүргізілген / алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін барынша жағдай жасау (карталар, телефондағы қосымша).
15) санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы) қамтамасыз ету);
3. Объект басшылығы клиенттер жиналатын «күту аймағын» болдырмай, алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, келуші (клиент) мен қызметкер (сұлулық салоны мен шаштараздан басқа) арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз етеді, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайтады.
4. Өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, байланыс беткейлерін (қызметкерлердің үстелдерін, орындықтарын, ұйымдастыру техникасын), жалпы пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындар, тамақ ішетін, демалатын бөлмелер, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ауысымда кемінде 2 рет вирулицидті әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып жүргізіледі.
5. Жұмыс орнында дайындалатын дезинфекциялау ерітінділерін құралдың атауы. ерітіндінің концентрациясы және оның дайындалған күні көрсетілген таңбасы бар сыйымдылықтарда сақтау керек.
6. Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген дезинфекциялау ерітінділері оның дезинфекциялау құралын қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес берілген концентрацияға сәйкес дайындалады;
7. Техникалық персонал (тазалаушылар) жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, дезинфекциялау іс-шараларын жүргізеді.
8. Жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуады және арнайы бөлінген орындарда сақтайды.
9. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдарға ғана рұқсат етіледі.
10. Дезинфекциялау құралдары дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақталады. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
11. Пайдаланылған медициналық маскалар (оның ішінде түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған сулықтар), бір рет қолданылатын жинау шүберектерін пакеттерге жинайды және қалдықтарға арналған арнайы контейнерлерге тастайды.
12. Персоналды тамақ ішуі белгіленген орындарда жүргізіледі, тамақ ішетін бөлме болмаған жағдайда дезинфекциялау құралдарының көмегімен жинауды қамтамасыз ете отырып, осы мақсаттар үшін аймақтар бөледі.
13. Химиялық тазалау және кір жуу орындарында: лас киім-кешекті шығару және клиенттің үйіне таза киім-кешекті жеткізу барынша қамтамасыз етіледі, жоғарыда көрсетілген тәсілмен қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайда, олар мен қызметкердің арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып үй-жайда бір мезетте маскада екі клиенттен артық емес болуы, персоналдың клиенттермен тікелей байланыстарын барынша азайту қамтамасыз етіледі.
14. Сұлулық салондарында, шаштараздарда:
1) келушілермен клиенттік залда әлеуметтік қашықтықты (4 шаршы метрге 1 адам) және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, креслолар арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен толтырылуы;
2) персоналдың әрбір келуші үшін құралдарды өңдеу қағидаларын сақтауы;
3) әрбір клиенттен кейін жуу құралдарымен бигудилерді, қысқыштарды, қалпақтар мен шашқа арналған торларды, қалпақтарды ағынды сумен өңдеу;
4) қырқылған шашты жабық қалақшаға тікелей креслоның жанында қақпағы бар сыйымдылыққа жинау, одан әрі кәдеге жарату және дезинфекциялау ерітіндісімен бүрку арқылы суландыру тәсілімен дезинфекциялау;
5) әрбір клиенттен кейін жұмыс орнын қосымша өңдеу.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
10-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде халық үшін
фитнес, спорт кешендері қызметін көрсету бойынша
объектілердің қызметіне қойылатын талаптар
1. Объектінің әкімшілігі InfoKazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
2. Объектінің әкімшілігі:
1) объектіні ашар алдында дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың, спорттық мүкәммалдың және басқа да заттардың бетін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өндеу) күрделі жинауды жүргізуді;
2) ЖРВИ және тұмау белгілері бар қызметкерлерді жұмыстан шеттету мақсатында келушілердің, клиенттердің және қызметкерлердің кіреберісінде контактілі немесе контактісіз термометрия жүргізу, ал COVID-19 (құрғақ жөтел, қатты қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу) белгілері бар адамдар үшін жедел медициналық көмек бригадасы келгенге дейін оқшаулауды;
3) жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, суықтың болуы) белгілері болмаған кезде объектіге кіру қамтамасыз етіледі;
4) объектінің әкімшілігі клиенттік аймақта (5 шаршы метрге 1 адам) әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен келушілердің толықтырылуын қамтамасыз етеді;
5) үй-жайлардың ауданына байланысты алдын ала жазылу бойынша жұмысты ұйымдастыруды, персоналдың клиенттермен тікелей байланысын барынша азайтуды қамтамасыз етеді;
6) объектінің аумағына маскасыз кіруге тыйым салынады;
7) спорттық жаттығуларды өткізу кезіндегіні қоспағанда келушілердің киім ауыстыратын орынға дейін міндетті түрде маска киюін;
8) алдын ала жазу арқылы бір адамға 5 ш.м. есебінен жаттықтырушылардың санын шектей отырып, топтық сабақтар өткізуге жол беріледі;
9) қашықтықты бақылау үшін топтық бағдарламалар залдарында міндетті түрде белгі қоюды қамтамасыз етеді;
10) Олимпиадалық стандарт бассейндерінде бір адамға 5 шаршы метр су айнасы есебінен еркін жүзуге рұқсат етіледі;
11) тренажер залдарында кемінде 2 м әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете отырып, жабдықты орналастыру және оған қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Тренажерлерді, мүкәммалды және беткейлерді өңдеу және дезинфекциялау әр сағат сайын жүргізіледі.
12) киім ауыстыратын орындардағы келушілерге арналған жеке шкафтарды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жалпы санының 50%-нан асырмай пайдалануды, персоналдың келушілерді бөлуін үйлестіруді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді;
13) сондай-ақ желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
3. Объектінің меншік иесі:
1) санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды тағайындау (температураны өлшеу, персоналға нұсқау беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинауды;
2) кіреберісте, холлдарда, дәліздерде, лифтілерге, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнатуды;
3) қызметкерлер арасында жеке / өндірістік гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігін, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау туралы нұсқама жүргізуді;
4) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер, дәретхана қағазы);
5) халыққа маскамен қызмет көрсетуді;
6) таңбаланған ыдыстарға (полиэтилен пакеттерге) пайдаланылған маскалар мен қолғаптарды жинауды;
7) желдету режимінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, сауда орталықтарының ішінде профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауа баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін;
8) қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды немесе ауа рециркуляторларын пайдалана отырып, киім ауыстыратын орындардағы ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз етуі қажет. Кварц шамдарын пайдалану қағидаларды қатаң сақтаған жағдайда үй-жайларды міндетті түрде желдету арқылы адамдар болмаған кезде жүзеге асырылады. Ауа рециркуляторларын адамдар болған кезде пайдалануға рұқсат етіледі.
9) техникалық персоналдың, (тазалаушының) жеке қорғаныш құралдарын (қолғап, медициналық маска) пайдалана отырып. арнайы киімде дезинфекция жүргізуін;
10) арнайы бөлінген орындарда пайдаланғаннан кейін жинау мүкәммалын (шелектер, щеткалар, шүберектер) жуу және сақтауды;
11) әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындарын және келушілерге арналған үй-жайларды желдету;
12) өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды әрбір 3 сағат сайын вирулицидтік әсер ететін құралдармен дезинфекциялай отырып, есік тұтқаларын, ажыратқыштарды, тұтқаларды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, мүкәммалды, үстелдерді, орындықтарды), жалпы пайдалану орындарын (киім ілетін орындар, тамақ ішу, демалу бөлмелері, санитариялық тораптар) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, ылғалды жинау жүргізуді;
13) үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолдарын, қолғаптарды, тыныс алу ағзаларының ЖКҚ өңдеуге арналған дезинфекциялық және жуу құралдарының азайтылмайтын (кемінде бес күн) қорын;
14) денсаулық жағдайы бойынша қарсы айғақтары жоқ кәмелетке толған адамдарды дезинфекциялау құралдарымен жұмысқа жіберуді;
15) дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған сақтауды қамтамасыз етеді. Дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.
4. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:
1) кейіннен жинау, зарарсыздандыру және жою арқылы бір рет қолданылатын ыдыс пайдаланылады;
2) бөтелкедегі суды қоспағанда, спорт объектілеріне келушілерге дайын тағамдар мен сусындарды өткізуге жол берілмейді (толық күн болатын немесе тұрақты болатын спортшыларға арналған жаттығу базаларынан басқа);
3) жалпы тамақтану орындары үшін жалпы қабылданған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталады.
4) жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді, тамақ арнайы бөлінген тамақ ішетін бөлмеде қабылданады. Тамақ ішетін бөлме болмаған кезде дезинфекциялау құралдарының көмегімен күнделікті жинауды қамтамасыз ете отырып, қол жууға арналған раковинасы бар (ыстық және суық су келтірілген) осы мақсаттарға арналған үй-жайлар бөлінеді.
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 31-Қ қаулысына
11-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мәдени объектілерге
(музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, театрлар, кинотеатрлар,
концерт залдары, клубтар, галереялар, цирктер, мәдени-демалыс
ұйымдары және басқалары) қойылатын талаптар
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы қосымшада іс-шаралардың мынадай сыныптамасы пайдаланылады:
1) мәдени-ойын-сауық және бизнес іс-шаралар - спектакльдер, концерттер, киносеанстар, театрлық, концерттік, цирк қойылымдары, жарық проекциялық шоулар, конкурстар, фестивальдар, музейлерге, музей-қорықтарға, кітапханаларға және клуб мекемелеріне бару, шерулер, форумдар, конференциялар, көрмелер, клиенттік және корпоративтік іс-шаралар, тұсаукесерлер, тимбилдингтер;
2) бұқаралық-ойын-сауық іс-шаралары - бұл 1000-нан астам адамның катысуымен мәдени-ойын-сауық және бизнес іс-шаралар;
3) жабық үй-жайлардағы іс-шаралар;
4) ашық аспан астындағы іс-шаралар (open air).
2. Объектінің әкімшілігі InfoKazakhstan.kz сайтында сауда жасаушы тұлғалардың жұмыс жағдайларымен міндетті түрде танысады және тиісті келісімге қол қояды.
3. Әкімшілік персонал өндірістік қажеттілікке байланысты жұмыс күнін барынша қысқарта отырып, қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстырылады.
4. Объектіге кіреберісте келушілердің, көрермендер мен қызметкерлердің жіті респираторлық аурулардың (жоғары температура, жөтел, мұрынның ағуы) белгілері жоқ адамдарды объектіге жібере отырып, контактісіз термометрия жүргізу ұйымдастырылады.
5. Ірі объектілерде қоса беріліп отырған нұсқаулыққа сәйкес кварц, бактерицидті шамдарды пайдалана отырып, ауаны міндетті түрде зарарсыздандыру жүргізіледі. Кварц шамдарын пайдалану ережелерді қатаң сақтай отырып, үй-жайларды міндетті түрде желдетумен адамдар болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
Көлемі 50 шаршы метрден аз жабық бөлмелерде кварц, бактерицидті шамдар және ауа рециркуляторларды пайдалану міндетті түрде өткізіледі.
6. Объектінің үй-жайларына мынадай адамдар жіберілмейді:
1) расталған COVID-19 жағдайларымен байланыс;
2) қызметкерлерді қоса алғанда, жіті респираторлық аурулар (жоғары қызба, жөтел, мұрынның ағуы) белгілері бар адамдар.
2-тарау. Театрларға, концерттік ұйымдарға қойылатын талаптар
7. Ашылу алдында объектіде дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмысы (оның ішінде жиһаздың, қабырғалардың, концерт залдарының, репетиция бөлмелерінің, музыкалық аспаптардың. реквизиттердің, декорациялардың және т.б. беттерін дезинфекциялау құралдарымен жинау және өндеу) жүргізіледі.
8. Дайындық кезінде адамдардың саны кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі есебінен залдар бойынша бөлінеді.
9. Объектінің аумағына маскасыз кіруге жол берілмейді. Нысан ғимаратында міндетті түрде маска киген келушілердің болуы қамтамасыз етіледі.
10. Кіру билеттерін сату кассалары арқылы сатуды қоспағанда, онлайн режимінде жүзеге асырылады.
11. Әлеуметтік дистанциялауды қамтамасыз ету үшін, касса жанындағы аймақтарда және кезектер пайда болатын басқа да орындарда (санитариялық тораптар, гардероб және т.б.) еденге белгілер орнатылады.
12. Дайындық залдарында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жабдықтардың орналасуы немесе қол жетімділігі қамтамасыз етіледі.
13. Киім шешетін бөлмелерде персонал келушілерді болу бойынша үйлестіруді жүзеге асырады және жұмыс күнінің соңында жетондарды дезинфекциялау құралдарымен өңдейді.
14. Мәдени объектілерге келушілерге бөтелкедегі су мен сусындарды қоспағанда, тамақ өнімдерін сатуға жол берілмейді.
15. Қызметкерлермен сыртта залдардың немесе алаңдардың алдында 50 адамға 1 қызметкер есебінен қауіпсіз қашықтық бойынша кезекті үйлестіруді қамтамасыз етіледі.
16. Сыртта келушілердің ағынын бағыттау және әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін жерде тиісті белгілер, сондай-ақ қоршаулар мен ленталардан жасалған жолақшалар қарастырылады.