Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 10 шілдедегі
№ А-7/328 қаулысымен
бекітілді
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № А-1/22 Қаулысымен күші жойылды
«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: ХҚКО - диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру;
денсаулық сақтау ұйымдарында - дәрігер-наркологпен диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағаны туралы анықтама беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген, «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әр рәсімдеудің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтылығы:
1) Медициналық тіркеу орны деректер базасында диспансерлік есепте тұрғаны немесе тұрмағандығы туралы тексереді, көрсетілетін қызметті алушының мәліметтерін тіркеу журналында көрсетеді - 30 минут. Нәтижесі - дәрігер-наркологтың тексеруіне жіберу.