«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 6/қе бұйрығы (2025.22.02. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 6/қе бұйрығы

(2025.22.02. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025.07.02. № 3/қе бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 81-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін жерлеу кезінде құрмет көрсету қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.