«Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 101 бұйрығы

 «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 101 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10566 тіркелген, 2016 жылғы 27 ақпанда «Казахстанская правда» газетінің № 39 (28165) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілерін және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы»;

бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған:

1) Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киім үлгілері» осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымша «Жеке күзет ұйымдарының күзетші лауазымындағы қызметкерлерінің арнайы киімді киіп жүру қағидалары» осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.