«Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 28 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
««Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 39) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) екіжақты аукцион әдісі – сұраныс пен ұсыныстың сараланған графиктерін салыстыру арқылы бағаны айқындауға негізделген электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын өткізу тетігі;
2) есеп айырысу ведомосы – орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары бойынша орталықтандырылған сауда нарығының операторы жасайтын және қызмет көрсететін банкке орталықтандырылған сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру үшін жіберілетін құжат;
3) жұптардың санын азайту – жасалған «сатушы-сатып алушы» жұптарының санын барынша азайтуды қамтамасыз ететін тетік;