«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 506 бұйрығы (күші жойылды)

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 506 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9987 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

2-тармақтың:

2) тармақшасы алып тасталсын;

3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) сатып алынған асыл тұқымды малдарды пайдалану туралы келісім - тиісті аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің (бұдан әрі - бөлім) басшысы және тауар өндіруші арасында қол қойылған, сатып алынған асыл тұқымды малды нысаналы пайдалану бойынша тауар өндіруші қабылдаған міндеттемелерді растайтын құжат;»;

3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға:

асыл тұқымды ірі қара малдың, қойлардың, маралдардың (бұғылардың) аналық мал басымен, сондай-ақ бал араның ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу;

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара мал мен қойдың аналық басына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізу;

асыл тұқымды ірі қара малды сатып алу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.