«Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 68 Қаулысы (2026.27.02. берілген өзгерістермен)

«Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 68 Қаулысы

(2026.27.02. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы (Г.Г. Сағидуллина):

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін:

2) осы қаулыдан туындайтын шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің:

1) 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 129 «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»;

2) 2019 жылғы 26 маусымдағы № 210 «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларының күші жойылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ш.С. Бұқтұғұтовқа жүктелсін.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Д. Ахметов

 

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024.03.07. № 170 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2022 жылғы 29 наурыздағы

№ 68 қаулысына

қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.