«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 21 бұйрығы

«Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 21 бұйрығы

 

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:

13-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Аккредиттеуден өту үшін республикалық және өңірлік спорт федерациялары мынадай құжаттарды ұсынады:»;

2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«2) басқарудың атқарушы органының жеке құрамы туралы мәлімет;

3) Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесін;

4) спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есепке алып тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі;»;

6) және 7) тармақшалар алып тасталынсын;

8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«8) Қазақстан Республикасы атынан Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті таныған құжаттың көшірмесі - олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.