(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ, ӨСІМІН МОЛАЙТУ ЖӘНЕ ПАЙД...

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, киіп жүру қағидасын және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 25-03/206 бұйрығы

(2015.30.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілері;

2) Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін киіп жүру қағидасы;

3) Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерін айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерімен қамтамасыз ету нормалары бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.