«Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 24 қазандағы № 355 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 358 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15457 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ авиациялық медициналық орталықтарға қойылатын сертификаттау қағидаларында:
бұйрыққа 1-қосымшаның 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-68) тармақшасына сәйкес әзірленді және авиациялық медициналық орталықты сертификаттау және оған сертификат беру тәртібін айқындайды.»;
бұйрыққа 1-қосымшаның 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бейінді маман - жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;»;
бұйрыққа 1-қосымшаның 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: