«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 570 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 570 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2025 жылғы 30 шiлдедегi

№ 570 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың

тізбесі

 

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында тамақтандырудың, азық-түлiкпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-ас үйлік ыдыспен және азық-түлiк қызметінің техникасымен жабдықтаудың бейбiт уақытқа арналған заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 420 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 550 бұйрығы.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.