«Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 190 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестердің кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 190 бұйрығы

 

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11-5) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерді кепілге қоюды тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:

Қағидалардың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.