14) қағаздағы және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мерзімді баспасөз басылымдарын, ақпаратты шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда орналастырылған ақпараттарды ұсыну жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әр түрлі магниттік жеткізгіштерде басылған дыбыстандырылған кітаптарды, көзі көрмейтін мүгедектерге қызмет көрсету үшін рельефтік-нүктелік шрифтімен, тифлоқұралмен басылған кітаптарды сатып алу;
15) мамандандырылған кітапханалардың қызметтерін сатып алу;
16) халықаралық ақпарат ұйымдарының ақпарат ұсыну жөніндегі қызметтерін сатып алу;
17) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты жүзеге асыратын ұйымдардың «Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін өнімді өндіру үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
18) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда, сондай-ақ ерекше қауіпті жұмыстармен, машиналармен және тетіктермен байланысты жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті медициналық тексеру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
19) теңіз агенті, теңіз брокері қызметін сатып алу;
20) мемлекеттік метрологиялық бақылауды тарату аясында қолданылатын өлшеу құралдарын тексеру жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
21) уақытша бос ақшаны орналастыруға байланысты қазынашылық операцияларды жүзеге асыру кезінде бағалы қағаздарды сатып алу;
22) тапсырыс берушінің негізгі қызметі шеңберінде жүзеге асырылатын уран мен оның қосылыстарын сатып алу;
23) өздерінің орналасқан жерінің құпиялығын сақтауды көздейтін объектілердегі жұмыстарды сатып алу;
24) ҚР Үкіметінің 2016.07.04. № 188 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) мүлікті сенімді басқару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
26) тапсырыс берушінің:
мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған мемлекеттік сатып алу туралы;
тендердің қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдалану туралы заңнама шеңберінде ол өнім беруші ретінде жасаған сатып алу туралы;
жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес жүргізілген тендер қорытындылары бойынша шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
27) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы субъектілерінің авиаотынды мұнай өндеуші кәсіпорындардан сатып алуы;
28) тапсырыс берушіден, сондай-ақ құрылтайшылары тапсырыс берушілер болатын мекемелерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу не олардың қызметінің негізгі мәні бойынша дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес немесе одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде тапсырыс берушілерге тиесілі заңды тұлғалардан тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
29) инвестициялық стратегиялық жобаларды, сондай-ақ стратегиялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
30) жаңа технологияны енгізуге байланысты сол технологияның меншік иесінен жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
31) жоба алдындағы құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстардың негізгі көлемін тиесілі түрде орындаған өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;
32) жобалық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігінен туындайтын жобалық құжаттаманы әзірлеген өнім берушіден жобалау бойынша жұмыстарды сатып алу;
33) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе басқа елдердің заңнамасында белгіленген бағалар, тарифтер, жиындар мен төлемдер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
34) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес реттелетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
35) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие, осындай нарықта үлесі 100 (бір жүз) пайызға тең болатын тұлғадан не мемлекеттік монополия субъектісінен оның қызметінің негізгі мәні бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
36) қосылған желі арқылы табиғи газды, суды, сумен жабдықтау қызметін және жылу энергиясын сатып алу;
37) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы сатып алатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алса;
38) мыналарды:
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушылары өткізетін;
Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін;
Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өткізілетін;
мемлекеттік мүлікті жекешелендіру кезіндегі сауда-саттықта (аукциондарда) сатылатын мүліктерді (активтерді) сатып алуы;
39) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
40) 2010.02.04. № 279 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін, сондай-ақ сатып алуға, жеткізу мен лизинг мәнін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
42) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;
43) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредитттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
43-1) ұлттық компанияның жарғылық мақсаттарына сәйкес білім беру, ғылым қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін білім беру және оқу бағдарламаларын (соның ішінде талапкерлерді таңдау және қабылдау, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша), даму тұжырымдамаларын әзірлеу, енгізу және (немесе) іске асыру жөнінде қызметтерді және (немесе) жұмыстарды сатып алу;
44) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
45) кіреберіс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;
46) жерсерік ресурсын жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
47) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
48) бейне/аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
49) рейтингтік агенттіктердің, қаржы қызметтерінің қызметтерін сатып алу;
50) ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу;
51) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
52) электр энергиясын, оның ішінде холдингке кіретін энергия жабдықтаушы ұйымнан сатып алу;
53) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
54) темір жолда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді сатып алу.
56) стратегиялық әріптестерден білім және ғылым, білім беру үдерісін әдіснамалық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
56-1) «Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;
57) білім беру және (немесе) ғылыми бағдарламаларының мазмұнына сәйкес шетелдік арнайы оқу және көркем әдебиетті сатып алу;
он үшінші абзацы 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылды
58) тапсырыс берушіге «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің», сондай-ақ «Назарбаев Университетінің» құрылысына бөлінген жер учаскелеріндегі құрылыстарды сатып алу және бұзу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болып табылатын заңды тұлғадан сатып алу;
58-1) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау, ұйымдастыру және оны өткізу үшін тауарлар мен жұмыстарды сатып алуды қамтымайтын көлемде қажетті көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
58-2) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілерін жобалау жөніндегі жұмыстарды сатып алу;
58-3) Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілерін салу жөніндегі құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу;
59) акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығына орналастыру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу;
60) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ұлттық дамыту институтының Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де күзетілетін адамдардың қатысуымен іс-шаралар өткізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен 18-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-1. Кепілдендірілген тапсырыс тәсілімен сатып алу индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі - кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші) арасында технологиялық меморандум жасалған жағдайда жүзеге асырылады.
19. Тапсырыс беруші осы Үлгілік қағидалардың 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін өнім берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарт жасасады.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2018.10.12. № 818 Қаулысымен 19-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-1. Кепілдендірілген тапсырысты тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді әлеуетті берушілердің барлығының арасында кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші сатып алуды ұйымдастыру арқылы мынадай тәртіппен орналастырады:
1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган мен ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасында жасалған технологиялық меморандумда айқындалған, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің тізбесі негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің дерекқорына енгізілген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді берушілер арасында кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жариялайды;
2) кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші кепілдендірілген тапсырыс бойынша сатып алуды жүргізеді және олардың өндірістік қуатын есепке ала отырып, бір немесе бірнеше әлеуетті өнім берушілері айқындайды;
3) өткізілген сатып алу негізінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс беруші өндірісті ұйымдастыру және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің осы шартта көрсетілген техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізу бойынша әлеуетті өнім берушімен (лермен) (бұдан әрі - өнім беруші) кемінде үш жыл мерзімге кепілдендірілген тапсырыс шартын (тарын) жасасады;
4) өнім беруші (лер) кепілдендірілген тапсырыс шартының талаптарына сәйкес шартта көрсетілген мерзімде тауар өндіруді ұйымдастырады және кепілдендірілген тапсырысты орналастыратын тапсырыс берушінің техникалық және баға талаптарына сәйкес келетін тауарды жеткізеді.
20. Қазақстан Республикасының резидент емесімен сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 20-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.10.02. № 44 Қаулысымен 20-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20-1. Тапсырыс беруші ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында не Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру және өткізу кезеңінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ақпарат орналастырған жағдайда тапсырыс берушінің ресми интернет-ресурсында сатып алынған тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты орналастырады.
21. Сатып алу қағидалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2012.03.09. № 1139 Қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2013.21.06. № 641 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-қосымша
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді
жоспарланатын сатып алу жөніндегі ақпарат
Жалпы мәліметтер