Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайларды белгілеу туралы
Жамбыл облысы Тараз қаласының әкімдігінің 2025 жылғы 5 мамырдағы № 888 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 28-бабының 4-тармағына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайларды белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 4579 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Б. Орынбеков |
2025 жылғы 5 мамырдағы
№ 888 қаулысына қосымша
Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар
| № | Кездесулер өткізілетін орындар | Мекенжайы |
| 1 | «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл индустриалды - технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты | Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Өтеген батыр көшесі, №49 |
| 2 | «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №22 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты | Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Жауғаш батыр көшесі, №4 А |
| 3 | «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №60 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты | Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, «Ақбұлым» алабы, Жібек жолы көшесі, №265 |
| 4 | «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №34 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты | Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Солнечный көшесі, №2 |