Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 71 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 9 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
Мына:
1) «Банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына клиенттерді тарту, банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына беру жөніндегі қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 қарашадағы № 288 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14659 болып тіркелген);