«Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 533 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 117 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматы паспортының, Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адам куәлігінің, жол жүру құжатының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 533 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33004 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыптың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы паспортының үлгiсі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлiгiнің үлгiсі;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың үлгiсі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес азаматтығы жоқ адам куәлігінің үлгiсі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жол жүру құжатының үлгісі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;