«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Өртті сөндіруді ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 7 маусымдағы № 217 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15430 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген өрттерді сөндіруді ұйымдастыру Қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Жолға шыққан кезде өрттің жойылғаны немесе оның болмауы туралы мәліметті алған жағдайда аға бастықтың, кезекші өрт сөндіру қызметі (бұдан әрі - ӨСКҚ) қызметкерінің, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының (бұдан әрі - КҚЖБО) кезекші диспетчерінің оралу туралы өкімі болған жағдайлардан басқа өрт сөндіру бөлімшесі шақыру орнына (өртке) келуі керек»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Өртке барар жолда басқа өртті байқаған жағдайда бөлімшені басқаратын басшы оны сөндіруге күштер мен құралдардың бір бөлігін бөледі (жағдайға байланысты) және тез арада КҚЖБО-ға (ББП) осы өрт, қабылданған шешім туралы хабарлайды.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Бару жолында бөлімшенің аға бастығы КҚЖБО-мен (ББП) үздіксіз байланыста болады. Өрт сөндіру автокөлігінің тоқтап қалуының барлық жағдайлары туралы КҚЖБО-ға (ББП) хабарланады.»;
107-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«107. 380 Вольт және одан жоғары кернеудегі электр желілері мен қондырғыларды энергия кәсіпорындарының (ұйымдар) кезекші персоналы өкілдері ажыратады, кернеуі 380 Вольттан жоғары электр қондырғыларында өрттерді сөндіру осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген тәртіппен жазбаша рұқсатты ресімдей отырып, оларды ажырату және жерге қосу жөніндегі операцияларды орындағаннан кейін ғана кіріседі.