Қостанай облысы әкімдігінің 2016.03.05. № 214 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.11.02. № 56 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Қостанай облысы әкімдігінің
2015 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 396 қаулысымен бекітілген
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 Қаулысымен күші жойылды
«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.11.02. берілген өзгерістермен)
1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - электрондық және (немесе) қағаз.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
Мемлекеттік корпорацияда - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;
денсаулық сақтау ұйымдарында - диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.