«Қазақстан Республикасының теңізінде және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 бұйрығы (2025.02.09. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының теңізінде және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 353 бұйрығы

(2025.02.09. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.10.07. № 183 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 398-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.10.07. № 183 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 27 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының теңізінде және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидалары бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасының теңізде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 157 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17004 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.