«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 660 бұйрығы (күші жойылды)

«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 660 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10175 тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың 8-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықтың 10-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын, сонымен бірге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

 

 

«Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.