«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығы (2026.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығы

(2026.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Энергетика министрінің 2023.24.08. № 319 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 29 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі;

осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті жоғарыда аталған республикалық мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сонымен қатар осы бұйрықтың жүзеге асырылуы бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамамыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.