«Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 32 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 474 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37, 446-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарға айырманы өтеу қағидасында:
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген айырманы өтеу жылына бір рет жүзеге асырылатын өкілдік керек-жарақ құнының жыл сайынғы ақшалай өтемақысын және жыл сайынғы ақысы төленетін еңбек демалысында жол жүру бойынша шығыстарды өтеуді қоспағанда, жылына екі рет жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Штаб-пәтерлері Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне Заңның 25-бабының 2, 3, 5-тармақтарда көзделген айырманы өтеу жүргізілмейді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Халықаралық ұйымның қызметкері айырма өтемін алу үшін болу мемлекетінде шет елдегі мекемеге тиісті халықаралық ұйымның осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтамасын:
1) медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша шығыстарды;