Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру туралы
(2019.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 11 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының президенттік резервін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. «Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат, № 21, 265-құжат, 2005 ж., № 29, 362-құжат, 2006 ж., № 23, 229-құжат, 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат, 2011 ж., № 39, 472-құжат, № 41, 518-құжат, № 48, 646-құжат; № 51, 685-құжат; 2012 ж., № 35, 457-құжат; № 54, 717-құжат; № 58, 793-құжат; № 74, 1067-құжат; № 80, 1178-құжат, 2013 ж., № 24, 379-құжат; № 24, 381-құжат; № 29; 439-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың лауазымдар тізбесінде:
мына жолдар: