(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМЕН, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫМЕН МЕМ...

Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 675 Қаулысы

 

Осы редакция 2021 жылғы 6 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына, 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасы туралы шарттың 7-бабына, 2005 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың 5-бабына, 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманың 7-бабына сәйкес Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) шегендеу, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының (бұдан әрі - делегация) құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрылсын.

2. Делегация:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.