Жамбыл ауданының аумағында жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауда сараланған тарифтерді белгілеу туралы
Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 237 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1- тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 2-1 тармағының негізінде, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтері келесідей болып белгіленсін:
1) Электронды төлеу жүйесі, ұялы байланыс құралдары, көлік карталары немесе екінші деңгейдегі банк карталары арқылы төлеу кезінде: