«Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығы (2025.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығы

(2025.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.18.05. № 514 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.18.05. № 514 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.18.05. № 514 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2025.24.02. № 84 бұйрығымен (2025 ж. 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес халықаралық топқа қатысу туралы өтініш нысаны;

2) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын толтыру қағидалары.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.