«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 227 Қаулысы

 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 227 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына (2020 жылғы 21 наурыздағы № 56 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібінде:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 13-бабында айқындалған құрылымға және Бюджет кодексінің 26-бабына сәйкес әзірленген бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес әзірленеді және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

«2-1. Дағдарысты жағдайлар кезеңінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдайды және ол ағымдағы қаржы жылына арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.