(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «СЫНЫПТАУЫШҚА СӘЙКЕС ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА ...

Сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығы

(2018.15.06. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.02.03. № 97 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.02.03. № 97 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департамент (Д.Ж. Қаленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.