«Құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 1382 бұйрығына өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 278 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 11 қыркүйектегі № 1382 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17360 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Бұйрықпен бекітілген құқықтық кадастрды жүргізуге қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Талаптарда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) оператор - «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қорын (бұдан әрі - ЖМТ МДҚ) қолдауды және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйым;
2) құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтық ауыртпалықтардың) бірыңғай мемлекеттік тізілімі;
3) пайдаланушы - нақты функцияларды орындауға арналған қолданыстағы ЖМТ МДҚ пайдаланатын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Мемкорпорация) қызметкері;
4) ЖМТ МДҚ әкімшісі - Оператордың қызметкері, ЖМТ МДҚ сүйемелдеуге және пайдаланушыларды қолдауға жауапты;
5) ЖМТ МДҚ өңірлік әкімшісі - ЖМТ МДҚ пайдаланушыларына кеңес берумен қолдау көрсететін Оператордың өңірлік филиалының маманы, ЖМТ МДҚ-ға қожетімділігі жоқ;
6) «Service Desk» автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі - SD АЖ) - ЖМТ МДҚ функционалы бойынша сұрау салуларды тіркеуге арналған портал;