ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.17.04. № 225 бұйрығымен 6-қосымшамен толықтырылды; ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019.25.07. № 552 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму Министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына 6-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № 567 бұйрығымен күші жойылды
«Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу»
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.25.07. берілген өзгерістермен)
1. «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - келіссөздерді бастау күні туралы хабарлама не осы стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.