«Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 8-НҚ нормативтік қаулысы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге:
1) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесінде мемлекеттік аудитор ретінде немесе аудит жүргізумен байланысты бағыттар бойынша (талдамалық, әдіснамалық, сапа бақылауы, заңдық сүйемелдеу) кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
2) мемлекеттік аудитор сертификаты;