ҚР СТ ISO 7345-2023
Ғимараттар мен құрылыс элементтерінің жылу сипаттамалары
Физикалық шамалар мен анықтамалар
(ISO 7345:2018 Thermal performance of buildings and building components - Physical
quantities and definitions, IDT)
Мазмұны
А қосымшасы (ақпараттық) Жылу өткізгіштік ұғымы
Осы стандарт «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 техникалық регламентінде белгіленген талаптардың орындалуын құрылыс материалдары мен бұйымдарына қойылатын базалық қауіпсіздік талаптарын сақтау бөлігінде (36-40 тармақтар және 45-тармақ) қамтамасыз етеді.
Осы құжат жылу оқшаулауға байланысты басқа сөздіктермен бірге пайдалануға арналған.Олар мыналардан тұрады:
- ISO 7945 Жылу оқшаулау. Физикалық шамалар мен анықтамалар;
- ISO 9251 Жылу оқшаулау, жылу беру шарттары және материалдардың қасиеттері. Сөздік;
- ISO 9346 Жылу оқшаулау. Жаппай тасымалдау. Физикалық шамалар мен анықтамалар;
- ISO 9229 Жылу оқшаулау. Материалдар мен бұйымдар. Сөздік;
- ISO 9288 Жылу оқшаулау. Сәулелену арқылы жылу беру. Физикалық шамалар мен анықтамалар.
Ескертпе - А қосымшасы жылу оқшаулау ұғымына түсініктеме береді.
Осы стандарт ғимараттар мен құрылыс элементтерінің жылу техникалық сипаттамаларына жататын физикалық шамалардың тізбесін белгілейді және тиісті таңбалар мен олардың өлшем бірліктерін келтіреді.
Ескертпе - Осы стандарттың қолданылу саласы ғимараттардың жылу және энергетикалық сипаттамаларымен шектелуіне байланысты осы стандартта келтірілген кейбір анықтамалар ИСО 80000-5 ұсынылған анықтамалардан өзгеше болуы мүмкін.
Осы стандартта нормативтік сілтемелер жоқ.
ISO және ІЕС стандарттау саласында келесі мекенжайлар бойынша қолдану үшін терминологиялық деректер базасын қолдайды:
- ISO Online browsing платформасы: http://www.iso.org/obp қол жетімді;
- ІЕС Electropedia: http://www.electropedia.org қол жетімді.
3.1 Физикалық шамалар мен анықтамалар
3.1.1 Жылу Q (heat: quantity of heat): Жылу мөлшеріне тең, физикалық шама:
Ескертпе - Өлшем бірлігі: Дж.