«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 365 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
1 «Тауарлар мен қызметтерге шығындар» сыныбында:
120 «Жұмыс берушiлердiң жарналары» ішкі сыныбында:
123 «Мiндеттi сақтандыру жарналары» деген ерекшелігі бойынша:
6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдармен белгіленген көлік құралдары иелерінің міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру»;
140 «Қорлар сатып алу» ішкі сыныбында:
141 «Азық-түлік өнiмдерiн сатып алу» ерекшелiгi бойынша:
6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» бағанында екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: