Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 542 бұйрығы
(2023.28.11. берілген өзгерістермен)
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023.15.11. № 474 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мынадай:
1) қандастарды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасының саны 2 337 адам;
2) қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасының саны 6 592 адам болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;