Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 857 бұйрығы
(2021.21.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 11 сәуірдегі 2014 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Азаматтық қорғау саласындағы даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы сертификат нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлықтан өтуі туралы бірыңғай үлгідегі сертификатты белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 226 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9507 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 147 (27768) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.