«Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы» Вице-министр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 117 бұйрығы (2022.29.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарларын айқындау туралы

Вице-министр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 117 бұйрығы

(2022.29.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 1074 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 37-бабынның 1-тармағының 1), 2) тармақшаларына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 102 бұйрығын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) әкімшілік-аумақтық бірліктерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері мен олардың орынбасарлары айқындалсын.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) әкімшілік-аумақтық бірліктерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер болмаған кезеңде оның міндеттерін атқару олардың орынбасарларына жүктелсін.

3. Мыналардың:

1) «Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерін және олардың орынбасарларын айқындау туралы» Вице-министр - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 236 бұйрығының;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.