«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 19 бұйрығы
(2022.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022.02.09. № 343 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 19 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы статистикалық және өзге де есепті ақпаратты ұсыну қағидалары бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін республикалық құқықтық ақпарат орталығына баспа және электрондық түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;