«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 103 бұйрығы (күші жойылды)

 «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 103 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 41 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау бағдарламалары шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімі айқындайтын, Бағдарламаның облыстық (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейде іске асырылуына жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

2) банк – «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамын қоса алғанда, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк және (немесе) Тетікке қатысатын екінші деңгейдегі банк;

3) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз беру туралы шарттың негізінде банктің кәсіпкерге беретін ақша сомасы. Банктік кредитке кредиттік желі де жатады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.