Оңтүстiк Қазақстан облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi туралы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 13/154-VI шешiмi
Оңтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 15/192-VI шешiмiмен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының мынадай жүйесi айқындалсын:
1) ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде әлеуметтік көмек белгіленсін;
2) мамандарға әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ауылдық жерге кемінде бес жылға жіберілетіндерге жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын, әлеуметтік кепілдік ретіндегі біржолғы көмек болып табылады деп белгіленсін;