«Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 283 бұйрығы

«Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы № 283 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) базаларында индекстелінетін ғылыми басылымдар, сондай-ақ Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) базасында немесе Scopus (Скопус) базасында индекстелінетін шетелдік ғылыми басылымдар Басылымдар тізбесіне осы Талаптардың 2-тармағындағы нормалар қолданылмай автоматты түрде енгізіледі.

Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Russian Science Citation Index (Рашн Сайенс Цитэйшэн Индекс) және Emerging Sources Citation Index (Эмержинг Сорсиз Цитэйшэн Индекс) базаларында немесе Scopus (Скопус) деректер базасында индекстелінетін отандық ғылыми басылымдар Басылымдар тізбесіне осы Талаптардың 2-тармағының 3) және 9) тармақшаларындағы нормаларға сәйкес болғанда енгізіледі.»;

мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.