«Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 284 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 290 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 495 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5962 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бюджеттік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 122-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бюджеттік есепке алуды жүргізудің тәртібін анықтайды.»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: