«Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 307 бұйрығы

 «Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 307 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің тізілімдерін нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16906 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдері нысандарын және оларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 8-тармағына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны;

2) осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес жосықсыз бағалаушылар тізілімінің нысаны;

3) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сарапшылық кеңесі мүшелері тізілімінің нысаны;

4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңесі мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылар тізілімдерін жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген бағалаушылар палатасы мүшелері тізілімінің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы бұйрыққа 1-1-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген сарапшылық кеңес мүшелері тізілімінің нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.