Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш (Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 7-қосымша) (2019.25.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.17.04. № 225 бұйрығымен 7-қосымшамен толықтырылды; ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2019.25.07. № 552 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму Министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 521 бұйрығына 7-қосымша

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № 567 бұйрығымен күші жойылды

 

 

«Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш»

 мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

(2019.25.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-бөлім. Жалпы ережелер

 

1. «Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2-бөлім. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияны беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.