Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 427 Бұйрығы
Осы редакция 2019 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Сәйкестікті растау жөніндегі органның сынақ зертханасы қамтамасыз етуге жататын аккредиттеу саласындағы объектілердің сынақтар көлемі елу пайыздық шамада бекітілсін.
2. Есептеу барысында объектілердің соңғысының аккредиттелуіне сәйкес, нормативтік құжаттарда белгіленген, сәйкестікті растау жөніндегі органның аккредиттеу саласымен қарастырылған барлық міндетті сипаттамалары (көрсеткіштері) ескерілсін.