«Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналының нысанын және тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 200 бұйрығы (2021.29.03. берілген өзгерістермен)

Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидаларын, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналының нысанын және тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 200 бұйрығы

(2021.29.03. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2021.29.03. № 263 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 45-бабы 1 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Қаржы министрінің 2021.29.03. № 263 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу қағидалары, тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді тіркеу журналының нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тұлғаның тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау туралы өтінішінің нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.