«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 261 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27066 болып тіркелген) сәйкес мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларында:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Тендерге қатысуға берілген өтінімдерді қарау үшін Ұлттық парк Комиссияның отырысын өткізеді.
Комиссияның отырысында Комиссияның хатшысы Комиссияның қатысушы мүшелерiнiң қатысуымен өтiнiм берушiнiң атауын және осы конверттердiң мазмұнын жариялай отырып, тендерге қатысуға берiлген өтiнiмдер салынған конверттердi кезекпен ашады.
Комиссияның отырысында Комиссияның хатшысы тендерге қатысуға өтінімдерді ашу және қарау хаттамасын жүргізеді.
Тендерге қатысуға ашылған өтінімдер ішіндегісін тексеру үшін Комиссияның әрбір мүшесіне кезекпен беріледі.
Қағидалардың 23-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше құжат болмаған және толтырылған өтініш сәйкес келмеген жағдайларда тендерге қатысуға өтінімдер қарауға қабылданбайды.»;
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Басқа үміткерлер болмаған кезде, егер ол осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесін ұсынған тендердің жалғыз қатысушысы тендер жеңімпазы болып танылады.