«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, дербес деректерді қорғау, жол жүрісі және көліктегі озық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Предыдущая страница

бірінші абзац «орган» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) аса маңызды цифрлық объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтары анықталғаны туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдары лауазымды адамының баянаты болған;»;

5-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы «органның» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары «органның» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

7-тармақтың үшінші бөлігі «орган» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

8-тармақтың бірінші абзацы «органның» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

9-тармақта:

екінші бөліктегі «басшысының» деген сөздер «мен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары басшыларының» деген сөздермен ауыстырылсын;

төртінші бөлік «орган» деген сөзден кейін «мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

10-тармақтың бірінші бөлігі «органның» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

12-тармақтың екінші бөлігі «орган» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

16-тармақ «уәкілетті органға», «уәкілетті орган» деген сөздерден кейін тиісінше «, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына», «, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары» деген сөздермен толықтырылсын;

17-тармақ «уәкілетті органның» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының» деген сөздермен толықтырылсын;

17) мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:

«61-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы офтейк-келісімшарттар

Мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар отандық цифрлық өнімдер мен киберқауіпсіздік технологияларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды дамыту мақсатында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы цифрлық өнімдер мен технологияларды әзірлеуге және жеткізуге арналған офтейк-келісімшарттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жасасуға құқылы.

Өнім беруші офтейк-келісімшарт бойынша киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы технологияны немесе цифрлық өнімді құруға және ендіруге міндетті, ал тапсырыс беруші мұндай өнімді шартта көзделген бағамен, көлемде, мерзімдерде және талаптарда сатып алуды қамтамасыз етуге міндетті.

Әзірлеуші жасалған офтейк-келісімшарттарды қаржыландыруды тарту кезінде қамтамасыз ету (кепіл) ретінде пайдалануға құқылы.».

45-тармақ 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

45. «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1-бапта:

6) тармақшадағы «киберқауіпсіздігі» деген сөз «ақпараттық қауіпсіздігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақшадағы «киберқауіпсіздігі» деген сөз «ақпараттық қауіпсіздігі» деген сөздермен ауыстырылсын.

46. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мәтін бойынша «ақпараттандыру объектісі», « автоматтандырылған ақпараттық жүйеде », «автоматтандырылған ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесінің», «автоматтандырылған ақпараттық жүйені», «автоматтандырылған ақпараттық жүйенің» деген сөздер тиісінше «цифрлық объект», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесінің», «цифрлық жүйені», «цифрлық жүйенің» деген сөздермен ауыстырылсын.

47. «Өнеркәсіптік саясат туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 10-1-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;

2) 51-2-баптың 1-тармағындағы «бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің» деген сөздер «цифрлық объектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын.

48. «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

20-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі 8) тармақшасындағы «жүргізуді жүзеге асырады.» деген сөздер «жүргізуді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

«9) топографиялық - геодезиялық, картографиялық, аэрофототүсірілім жұмыстары материалдарының белгіленген мемлекеттік немесе жергілікті координаттық есептеу жүйесіне сәйкестігіне сараптама жүргізуді жүзеге асырады.».

49. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 9) тармақшасы «моноқалалар» деген сөзден кейін «, шағын қалалар» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 15-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «цифрлық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинетіне;».

50. «Жылу энергетикасы туралы» 2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

бүкіл мәтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйелерге», «ақпараттық жүйесінің», «ақпараттық жүйесімен», «ақпараттық жүйесін» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық жүйесінің», «цифрлық жүйесімен», «цифрлық жүйесін» деген сөздермен ауыстырылсын.

51. «Жасанды интеллект туралы» 2025 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 1-баптың 5) тармақшасындағы «ақпараттандыру объектісі» деген сөздер «цифрлық объект» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 13-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «ақпараттандыру объектілерін» деген сөздер «цифрлық объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 17-баптың 1-тармағында:

екінші бөліктегі «ақпараттандыру объектілерін» деген сөздер «цифрлық объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлікте:

«Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне» деген сөздер «Аса маңызды цифрлық объектілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

«электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;

«ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер «киберқауіпсіздікті» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 20-баптың 1-тармағындағы «ақпараттық жүйелер» деген сөздер «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 28-баптың 1-тармағындағы «ақпараттандыру туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына» деген сөздер «цифрлық заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап.

1. Осы Заң:

1) 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағын, 25-тармағының 1) тармақшасын және 45-тармағын;

2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 39-тармағы 3) тармақшасының тоғызыншы, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 14), 18), 19), 20) және 21) тармақшаларын, 40-тармағының 1) тармақшасын және 2) тармақшасының екінші абзацын, 43-тармағының 1) және 5) тармақшаларын;

3) 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағын, 11-тармағының 4) тармақшасын, 33-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабы 33-тармағының 5) тармақшасы 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

3-бап. Осы Заңның 1-бабы 25-тармағы 3) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарына сәйкес «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерін орталықтандырылған басқару жүйесіне қосылған байланыс операторлары 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін өздерінің байланыс желілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен порттық сыйымдылықты жалдау арқылы қосуды қамтамасыз етуге міндетті.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 24 маусым

                № 326-VIII ҚРЗ